Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 2 қорытындысы

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 2 қорытындысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, құрамында Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, И.Д. Меркель, Ә.А. Темірбеков және У. Шапак,

өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келетіні туралы қорытынды беру өтінішін қарады.

Баяндамашы - Конституциялық Кеңес мүшесі А.Қ. Дауылбаевтың хабарламасын тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, заңнаманы талдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

 

анықтады:

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес нысанына қорытынды беру туралы өтініші келіп түсті.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен Конституцияның 2-бабының 3 тармағы жаңа редакцияда берілген:

«3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады.».

Конституцияның 2-бабының 3-1 тармақтағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылған.

Негізгі Заңның нормаларын өтініш нысанасына қатысты талдап, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку