«Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 876 бұйрығы
«Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 876 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердің тізімдерін ұсыну туралы хабарлама жібереді.
Төлеушілер осындай хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін (бұдан әрі - жеке тұлғалардың тізімі) ұсынады.
Мұндай хабарлама, егер аударымдар және жарналар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспаса, жіберілмейді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа