(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА СТАЦИОНАРЛЫҚ ЖАҒ...
Осы редакция 2025 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 263 бұйрығына
1-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі - балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі - мүгедектігі бар адамдар);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі - қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
Редакция документа
Демо – версия документа