«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 154/НҚ бұйрығы
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 154/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тәртібі»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасы;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдау;
Демо – версия документа