(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРАҚТЫ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНА АКТІЛЕРДІ РЕСІМДЕУ Ж...
Осы редакция 2016 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
6-қосымша
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (бұдан әрі - сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады.
«Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа