«Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 401 бұйрығы (күші жойылды)
«Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 401 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 756 қаулысының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11445 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа