Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ БОЛМАУЫ (БОЛУЫ) ТУРАЛЫ АНЫҚТАМ...

Осы редакция 2018 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2015 жылғы 28 мамырдағы

№ 300 бұйрығына 5-қосымша

 

 

«Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) (Стандарттың 5-тармағы).

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама (Стандарттың 6-тармағы).

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

 бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

 

4. Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысанда құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауырпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу (бұдан әрі - сұрау салу) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерін (іс-әрекеттерін) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама алу туралы сұрау салуды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) береді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку