«Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 866 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 866 бұйрығы
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 31 қазандағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12776 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) мансаптық өсудің жүйесі мен өлшемшарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кадр резервіне кірген қызметкерлердің мансаптық өсу жүйесі мансаптық өсуді жоспарлау және лауазымдық ауысу мен кәсіби даму кезеңдеріне сәйкес қызмет юойынша қызметкерлердің тағайындауға жалпы көріністерін анықтауда.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мансаптық өсудің жоспарын құру кезінде бірқатар міндеттер:
қызметкердің әлеуеттік қабілеттілігін қолдану перспективасын анықтау және кәсіби құзыреттілігінің өсуін ынталандыру;
кәсіби даярлау немесе қайта даярлау, біліктілгін арттыру қажеттілігінің деңгейін анықтау;
қызметкерлердің мансаптық өсуінің ұзақ мерзімге жоспарлануын қамтамасыз етілуін шешіледі.»;
16, 17, 18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
16. Қызметкерді өсіру схемасын қалыптастыру:
тігінен, осы кезде қызметкердің жоғары лауазымға өсіру жүзеге асырылады (лауазымдық өсу);
Документ утратил силу
Демо – версия документа