(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕЗИДЕНТТІҢ ТАБЫСЫНАН ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПО...
Осы редакция 2022 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 7-қосымша
«Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)»
салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі - Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және салық агенті Салық кодексінің 307-бабында көрсетілген резиденттерге табыстарын төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі - КТС) есептеу және уақтылы төлеуге, төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуге арналған КТС бойынша салық есептілігінің (есептің) (бұдан әрі - есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 308-бабына сәйкес салық агенті жасайды.
2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
4. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу, «-» - алу, «х» - көбейту, «/» - бөлу, «=» - тең.
5. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.
1) қағаз жеткізгіште - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық нысанда - Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа