(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2015.14.04 № 231 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 231 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Павлодар су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Семей су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ертіс су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына бірігу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Орал су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Атырау су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
Редакция документа
Демо – версия документа