«2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 7 маусымдағы № 47/506 Қаулысы
2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 7 маусымдағы № 47/506 Қаулысы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31 және 33-баптарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы ұсынған хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық референдумның дауыс беру қорытындылары бекітілсін:
1) референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны - 11 734 642;
2) дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 7 985 769 немесе 68,05 процент;
3) референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 6 163 516 немесе дауыс беруге қатысқандардың 77,18 проценті;
4) референдумға қойылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 1 490 470;
5) жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны - 205 924;
6) 17 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада дауыс беруге қатысқан азаматтар мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берді.
Демо – версия документа