Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 266 Қаулысы (күші жойылды)

 «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 266 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):

«Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген тарауда:

«Тізім бойынша жалпы ескертпелер» деген кіші бөлімде:

4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде) жоқ ССҚ ТН кодтарын пайдалануға жол беріледі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қосарлы мақсаттағы өнімдер тізімінің құрылымы 10-санаттан тұрады, ол мына санаттар мен бөлімдерді қамтиды:

Тізімде қолданылған терминдердің анықтамасы:

0-санат - Ядролық материалдар, қондырғылар мен жабдықтар;

1-санат - Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер мен уыттар;

2-санат - Материалдарды өңдеу;

3-санат - Электроника;

4-санат - Есептеу техникасы;

5-санат - Телекоммуникациялар және «Ақпаратты қорғау»;

1-бөлім. Телекоммуникациялар;

2-бөлім. «Ақпаратты қорғау»;

6-санат - Датчиктер мен лазерлер;

7-санат - Навигациялық жабдықтар мен авиациялық электроника;

8-санат - Теңіз ісі;

9-санат - Двигательдік қондырғылар, ғарыш аппараттары мен ілеспе жабдықтар.

10-санат - 0-9 санаттарда қамтылмаған, ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын өнім.

Әрбір санат қосарлы мақсаттағы өнімдердің 5 техникалық тобын қамтиды:

А - Аппаратура, тораптар мен компоненттер;               

В - Өндірістік және сынақ жабдықтары;

С - Материалдар;

D - Бағдарламалық қамтылым;

Е - Технологиялар.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку