Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 704 Қаулысы (күші жойылды)

«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 704 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:

«13-2. Аукциондық бағаны индекстеу осы Қағидалардың 18-1-тармағында көзделген құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді және осы Қағидалардың 18-2-тармағында көзделген жыл сайынғы индекстеуді қамтиды.

Бұл ретте осы тармаққа сәйкес аукциондық бағаны жыл сайынғы индекстеуді бірінші қолдану құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеу қолданылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан ерте жүргізілмейді.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Шекті аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер деңгейінде айқындалады.»;

мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:

«18-1. Аукциондық баға ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күннен бастап және қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін құрылыс кезеңінде біржолғы индекстеуге жатады:

), мұндағы

- жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектенетін индекстелген аукциондық баға;

- аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық баға;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку