«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 644 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 644 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін резервке қоюды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 110-1) тармақшамен толықтырылсын:
«110-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы халықты орталықтандырылған шұғыл хабардар етуді қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 143-1) тармақшамен толықтырылсын:
«143-1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестердің тізілімімен интеграциялануға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 202-1) тармақшамен толықтырылсын:
«202-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы келісуді жүзеге асыру;»;
206-4) тармақша алып тасталсын;
Демо – версия документа