«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 357 Қаулысы (күші жойылды)
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 357 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында:
«Мемлекеттік бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемдері:
млрд. теңге
2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | Барлығы | |
РБ* | 652,6 | 637,2 | 592,5 | 505,6 | 394,2 | 388,3 | 3 170,4 |
ЖБ* | 32,6 | 32,6 | 32,2 | 28,9 | 29,1 | 28,9 | 184,3 |
Бюджеттен тыс қаражат | 494,5 | 322,9 | 280,9 | 200,4 | 200,2 | 202,0 | 1700,9 |
Барлығы | 1179,7 | 992,7 | 905,6 | 734,9 | 623,5 | 619,2 | 5 055,6 |
*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау шамасына қарай нақтыланады.
»;
«Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
«1-міндет. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«1-міндет. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру
Бұл мақсатқа қол жеткізу нәтижелердің мынадай нысаналы көрсеткіштерімен өлшенетін болады:
Документ утратил силу
Демо – версия документа