(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУ...
Қазақстан Республикасының
Заңы
Телерадио хабарларын тарату туралы
(2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
2-тарау. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу | |
3-тарау. Қазақстан Республикасында теле-, радиоарналарды тарату | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент - телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға телерадио хабарларын тарату операторымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы - теле-, радиосигналды дара қабылдауға арналған жабдық (телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы);
3) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі - абонентке көру кезінде тілдерді таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі және одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі;
4) еркін қолжетімді теле-, радиоарна - көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна;
5) көпарналы хабар тарату - теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) міндетті теле-, радиоарна - уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;
Редакция документа
Демо – версия документа