(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ ҚАРТАСЫ-2020» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМ...
Осы редакция 2019 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру
қағидалары
(2019.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.04.05. № 248 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі − Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.04.05. № 248 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Кепілдік беру кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі − Бағдарлама)/ «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі − Тетік) шеңберіндегі кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.04.05. № 248 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Кепілдік беру кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралы болып табылады және кредиттік ресурстарға қол жеткізуді кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Редакция документа
Демо – версия документа