«Шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 151 Қаулысы
«Шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 151 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №3, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының бірге баратын отбасы мүшелерінің құрамы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі — Министр) бұйрығымен және осы шарттардың 40-тармағына сәйкес берілетін есеп айырысу аттестатымен айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды адамдарды қоспағанда, шетелде дипломатиялық қызмет персоналын қызметке тағайындау, қызметтен босату және өзге де лауазымдық орын ауыстыру Министрдің шешімдері негізінде » жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жол жүру билетін ауыстырған немесе қайтарған кезде айыппұлдар немесе өзге де алымдар, егер қайтару Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі — министрлік) хатының негізінде жүргізілген жағдайда, қажеттілігі болған кезде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтеледі.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жолжүгі дипломатиялық қызмет персоналынан бөлек жеткізілген жағдайда, жолжүкті жеткізу құны дипломатиялық қызмет персоналы және оның отбасы мүшелері сапар шегетін көліктегі жүкті тасымалдау тарифтерінен аспауы тиіс.
Демо – версия документа