«Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 93 бұйрығы
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 93 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің немесе өзге де заңды тұлғалардың) мемлекетке тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушыға мынадай:
1) акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және өзге де заңды тұлғаның жарғысын өзгерту туралы;
2) акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің және өзге де заңды тұлғаның жарғылық капитал мөлшерін өзгерту (ұлғайту немесе азайту) туралы;
3) акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе өзге де заңды тұлғаны тарату, оларды қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы мәселелерді шешуге байланысты мемлекеттің құқықтары берілмейді.
Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің немесе өзге де заңды тұлғалардың) акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) мемлекеттің дивидендтерге құқығынан бас тартумен сенімгерлік басқаруға беруге жол берілмейді.
Демо – версия документа