(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ТӨТ...
Осы редакция 2019 ж. 24 қыркүйекте және 2019 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті туралы
ереже
(2019.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы (бұдан әрі - азаматтық қорғау саласында) функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитеттің азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түсуге құқығы бар.
5. Комитет заңнамаға сәйкес егер оған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа