Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына 4-қосымша) (2025.23.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 263 бұйрығына
4-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
стандарты
(2025.23.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025.06.03. № 72 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Стандарт тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі - уақытша болу ұйымдары) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және адам саудасының құрбандарына (бұдан әрі - қызметтерді алушылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуды, шығаруды, көрсетуді тоқтату және ауыстыру шарттарын айқындайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025.06.03. № 72 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Демо – версия документа