Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 840 бұйрығы (күші жойылды)

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 840 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі - ТМККК) дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (бұдан әрі - МӘМС) медициналық көмекпен қамтамасыз етуді»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку