«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінімді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде, өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартуы көрстілетін қызметті алушыға аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған белгіленген арналар арқылы жіберіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа