Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.01.10 № 662 БҰЙРЫҒ...

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

7-қосымша

 

Осы редакция 2015 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті туралы

ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыс аумағындағы ішкі істер органдары мен бөлімшелеріне басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аумақтық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департамент егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Департаменттің заңды мекенжайы:

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 271а-үй.

9. Департаменттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку