Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына 8-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.20.05. № ҚР ДСМ-83 бұйрығымен 8-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 416 бұйрығына

8-қосымша

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11338 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elіcense.kz арқылы көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - лицензия, қайта ресімделген лицензия, фармацевтикалық қызметке лицензияның телнұсқасы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

 

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку