Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.10.12 № 2071 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2071 Қаулысы

 

 Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) «Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 517 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 20, 231-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесінде:

мынадай мазмұндағы 1-тармақпен толықтырылсын:

«1. Техникалық регламенттер техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыру үшін Ведомствоаралық комиссия мақұлдаған тұжырымдама болған кезде әзірленеді.

Тұжырымдама:

1) техникалық регламенттің атауын;

2) техникалық регламенттің қолданылу саласы мен объектілерін;

3) жағымсыз әсерді барынша азайту үшін реттеу белгіленуі қажет проблемалар туралы ақпаратты;

4) қауіпті факторларды (қатерлерді);

5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасының болуы және оның жай-күйі туралы ақпаратты (техникалық регламент объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңдар, қаулылар, санитарлық, құрылыс, өрт және басқа нормалар мен ережелер);

6) халықаралық деңгейдегі нормативтік құжаттардың болуы туралы ақпаратты (халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердің техникалық регламенттері және басқалар);

7) өндіріс, сынақ базасының және жалпы саланың жай-күйі туралы ақпаратты;

8) техникалық регламентті енгізу үшін қабылдануы қажет шаралар туралы ақпаратты;

9) техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелерді қамтиды.»;

1-тармақ 1-1-тармақ деп есептелсін;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку