(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ...
«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 226 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2020.29.04. № 253 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету, дін саласындағы ахуалды зерделеу, дінтану сараптамасы объектілеріне кешенді сараптаманы ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын танымал ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiмен (бұдан әрі - Министрлік) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) республикалық бюджет қаражаты есебінен 126 250 000 (бір жүз жиырма алты миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) қоғамның жарғысын бекітуді;
3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Министрлікке беруді;
5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа