Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «1, 6 ЖӘНЕ 7-СЫНЫПТАҒЫ ҚАУІПТІ ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУҒА АРН...

Осы редакция 2016 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 557 бұйрығына

8-қосымша

 

 

 «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

www.egov.kz, www.elincense.kz  «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін - ХҚО;

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін - көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 8 жұмыс күн;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку