«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларыніске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілікқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 335 Қаулысы (күші жойылды)
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларыніске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілікқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 335 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларыніске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілікқағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 - 31 шілде аралығында жүргізіледі.
Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандары - 10 - 15 тамыз аралығында, мамандық бойынша - 16 - 20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10 - 15 тамыз аралығында жүргізіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар адамдар қабылданады.»;
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа