Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 41 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 41 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

бюджет түсімдерінің жіктемесінде:

2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:

04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:

1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:

мынадай мазмұндағы 65-ерекшелікпен толықтырылсын:

«65 Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар»;

3 «Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» санатында:

01 «Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату» сыныбында:

1 «Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату» кіші сыныбында:

мынадай мазмұндағы 07-ерекшелікпен толықтырылсын:

«07 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй-жайларды жекешелендіруден түсетін түсімдер»;

4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:

01 «Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер» сыныбында:

1 «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер» кіші сыныбында:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку