«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 желтоқсандағы № 57 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«5. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері» деген бөлімде:
«5.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты» деген кіші бөлімде:
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«транспаренттілік - ҚРҰҚ мен квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы кез келген қаржылық қатынастарды қоса алғанда, ҚРҰҚ қаражатын республикалық бюджет есебінен ғана, сондай-ақ Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің құрамында Парламентті хабардар ете отырып, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағалы қағаздарын сатып алу жолымен ел экономикасына бағыттау;»;
«ҚРҰҚ қаражатын пайдалану» деген тарауда:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағалы қағаздарын сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарды, акциялар пакеттерін, қазақстандық компаниялардың қатысу үлестерін сатып алуына, екінші деңгейдегі банктерді қорландыруына, ҚРҰҚ-дан заңды және жеке тұлғаларға тікелей кредит беруіне, активтерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануына тыйым салынады.
Демо – версия документа