«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 46 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 46 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде (бұдан әрі - «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі), 2014 жылғы 10 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 186 (2580) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті ұйымның Қағидалардың 31-тармағында белгіленген талаптарға жауап беретін, айырбастау пунктін орналастыру үшін үй-жайы, айырбастау пунктінің жұмыс істеуі үшін жабдығы, айырбастау пунктінің қызметкерлері болуға тиіс.
Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің басқа айырбастау пунктінің орналасқан жері болып табылатын үй-жайда орналасуына жол берілмейді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа