Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

72-2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте, айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кредит сомасының 50 %-ынан аспауға тиіс айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға рұқсат етіледі.»;

72-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«72-3. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеудегі сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобаларға кредит беру бойынша тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;

72-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«72-6. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша 10 (он) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша салалық қорытынды келіп түскеннен кейін қаржы агенттігі жұмыс органына хабарлама-хат пен осы Субсидиялау қағидаларының 72-3-тармағында көрсетілген құжаттарды салалық қорытындыны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жібереді.

Жобаларды субсидиялау № 436 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.»;

72-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку