«Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 наурыздағы № 137 бұйрығы
«Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 наурыздағы № 137 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде тақырыбы өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-51) тармақшасына сәйкес әзірленген және авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асыру үшін сәйкестік өлшемдерін белгілейді.»;
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) емтихан алушы – уәкілетті ұйым белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлға;»;
3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) авиациялық персоналды кәсіптік даярлау – кәсіптік деңгейді бастапқы даярлау, қайта даярлау және қолдау;»;
3-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа