«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 377 Жарлығы (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
2-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
тоқыма бұйымдарын өндіруді;
киім шығаруды;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
металлургия өнеркәсібін;
жиһаз шығаруды;
автокөлік құралдарын шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) ақпарат және байланыс;
3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшін АЭА-ның аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мына түрлері:
Демо – версия документа