Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «ТОТАЛИЗАТОР ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ» ...

Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 14 мамырдағы

№ 181 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11307 тіркелген «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тотализатор қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап (бұдан әрі - лицензия немесе бас тарту туралы уәжделген жауап) болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Лицензияны, ресімделген лицензияны, лицензияның телнұсқасын қағаз тасымалдағышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку