«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-21 бұйрығы (2020.13.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-21 бұйрығы
(2020.13.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 45-бабының 4-1-тармағына, 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.13.11. № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы № 3 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа