«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 877 бұйрығына 5-қосымша) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 877 бұйрығына
5-қосымша
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 120/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес
ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі - Комитет) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті және Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа