(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 997қбп қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 9 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты туралы ереже;»;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі», деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.»;
Редакция документа
Демо – версия документа