(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІНДЕ ІШКІ СУДА ЖҮЗЕТІН КЕМЕ...
Осы редакция 2016 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 7-қосымша
«Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді
және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілген қызмет регламенті
1. «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау:
1) Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: кеме куәлiгi (бұдан әрі - куәлiк), кеме куәлiгiнің телнұсқасы (бұдан әрі - куәлiк телнұсқасы) және кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама).
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа