Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 114-VІІІ Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 44-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы 11) тармақшасындағы «сомасының пайызымен көрсетіледі.» деген сөздер «сомасының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының;

13) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының пайызымен көрсетіледі.»;

2) 233-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «іс-әрекеттер ірі залал келтірмесе» деген сөздер «әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің бірінші абзацындағы «іс-әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірмесе» деген сөздер «әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 238-бапта:

бірінші бөлікте:

1) тармақшадағы «есеп жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса» деген сөздер «есепке алуды жүргізуден жалтару» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепке алуда көрсетілуге жататын деректерді жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы жою;»;

екінші абзацтағы «елу» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 239-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «есеп жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса» деген сөздер «есепке алуды жүргізуден жалтару» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 545-баптың бірінші абзацы «өткізу» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 549-баптың бірінші абзацы «беру» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 550-баптың бірінші абзацы «пайдалану» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 551-бапта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзац «өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі» деген сөздерден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«декларацияланбаған не анық емес декларацияланған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркілене отырып, декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге жататын сомалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.»;

9) 684-баптың бірінші бөлігі «550,» деген цифрлардан кейін «551 (үшінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 720-баптың бірінші бөлігі «551» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы «550,» деген цифрлардан кейін «551 (үшінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 5 шілде

№ 114-VIII ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку