«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 487 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген 2-тарауда:
«Б» корпусы бөлімінде:
В санаттары тобының В-4 санатында:
«Бас консультант» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;
С санаттары тобының С-3 санатында:
«Консул - консулдықтың басшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;
D санаттары тобының D-3 санатында:
«Баспасөз хатшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен4 толықтырылсын:
«4 Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.»;
2) «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуқағидаларында:
4-1-тармақтағы «, облыстық маңызы бар қаланың төртінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары, осы өңірдің» деген сөздер «төртінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары және» деген сөздермен ауыстырылсын;
Демо – версия документа