(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КА...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 736 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында:
«Кіріспе» деген 2-тарауда:
«Негізгі терминдер мен анықтамалар» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;
1-2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасы (бұдан әрі - АХҚО қор биржасы) - АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа