(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАРДАҒ...
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.13.12. № 835 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 394 бұйрығына
1-қосымша
Осы редакция 2019 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің
алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 7 (жеті) жұмыс күні.
Редакция документа
Демо – версия документа