«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 286 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 286 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына (2016 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен оған жүктелген жер ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы - «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бар.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жерлерінің баланстары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы жерлерінің балансын құру;»;
16-тармақ алып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа