(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ЖАРЛЫҚТА...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі «Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы» деген жолдағы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы аппараттарының басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа