«Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 507 бұйрығы
«Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 507 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 желтоқсанда № 5036 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 01 ақпандағы № 16 (1242) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың төртінші азбзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әдістемелік кабинет - ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін білім беру ұйымның, облыстық (қалалық) білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:
білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.
Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
орта білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
Демо – версия документа