«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 761 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 761 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жол берілетін ұзындығы: | |
жеке автокөлік құралдары: | |
М1, N және О (тіркеме) санатты | 12,0; |
М2 және М3 санаты | 13,5; |
біліктері екіден көп М2 және М3 санатты | 15,0; |
тіркемесі бар М2 және М3 санаты | 18,75; |
М2 және М3 санатты буындастырылған автобустар | 18,75; |
құрамында тартқыш пен жартылай тіркеме бар автопоездар | 16,5; |
құрамында тартқыш пен тіркеме бар автопоездар | 20,0; |
конструкциясы және тағайындауы бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арнайы бейімделген автопоездар 20,0;»; |
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жартылай тіркеменің тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен автопоездың артқы жағы арасындағы жол берілетін арақашықтық 12,0 метрден аспауы тиіс.
Демо – версия документа