(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ ПО ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМ ПРЕД...
Продолжение
См. начало
Данная редакция действовала до внесения изменений от 7 марта 2019 года (введены в действие с 01.09.2019 г.)
Приказ дополнен приложениями 420 - 425 в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 27.07.17 г. № 352
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 27 июля 2017 года № 352
Приложение 420
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 3 апреля 2013 года № 115
Типовая учебная программа по учебному предмету «Всемирная история» для 10-11 классов естественно-математического направления уровня общего среднего образования в рамках обновленного содержания
Глава 1. Общие положения
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымын және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған. Тарихты зерделеу патриотизмге тәрбиелеу, білім алушылардың бойында азаматтық-құқықтық сананың қалыптасуына, жалпы мәдениеттік даму, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы әлеуметтенуге септігін тигізеді.
3. Дүниежүзі тарихы пәнін оқу оқушылардың әлем тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі сұрақтары бойынша түсінік қалыптастыруды көздейді.
4. Оқу пәнінің мақсаты - дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін оқу негізінде тарихи санасы қалыптасқан, азаматтық-патриоттық қасиеттерге ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, тарихи білім мен дағдыларын оқу процесінде және әлеуметтік жағдайда белсенді әрі шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
5. Оқу пәнінің міндеттері:
1) тарихи кезеңдегі қоғамдағы негізгі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени мәселелер туралы білімдерді қалыптастыру;
Редакция документа
Демо – версия документа