«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 806 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы;
2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып өзгертіліп, Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіруге жауапты;
2) мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сəйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Демо – версия документа